Preview

Qainar Journal of Social Science

Кеңейтілген іздеу

Қытайдың әлеуметтік дипломатиясы және сыртқы саясаты: трансформация және жаһандық сын-қатерлер

https://doi.org/10.58732/2958-7212-2024-4-83-99

Толық мәтін:

Аңдатпа

   Жедел қарқын алып жатқан халықаралық жүйенің трансформациясы мен жаһандану жағдайында қазіргі Қытайдың сыртқы саясаты қорғаныстық стратегиялардан халықаралық ережелер мен стандарттарды қалыптастырудағы белсенді көшбасшылыққа қарай эволюциялануды көрсетеді.

   Бұл зерттеудің мақсаты – 1949 жылдан бүгінгі күнге дейін Қытай Халық Республикасының сыртқы саясатының трансформациясын кешенді талдау, оның ішінде дипломатиялық қызметтің негізгі кезеңдерін, стратегиялық бағыттары мен нәтижелерін анықтау болып табылады.

   Зерттеу нәтижелері Қытайдың сыртқы саясаты үш кезеңнен өткенін көрсетеді: бірінші кезең – «өмір сүруге ұмтылу» (1949–1978 жж.), бұл кезең блоктық қарсыластық саясаты және ұлт-азаттық қозғалыстарды қолдаумен сипатталады; екінші кезең – «дамуға ұмтылу» (1978–2012 жж.), жаһандану жағдайында экономикалық интеграция мен реформаларға бағытталған; үшінші кезең – «ережелерді қалыптастыру» (2012 жылдан бүгінгі күнге дейін), бұл кезеңде Қытай халықаралық нормалар мен жаһандық басқару бастамаларын әзірлеуге белсенді қатысуда. Зерттеу нәтижелері қазіргі Қытай дипломатиясы экономикалық, технологиялық және институционалдық ықпал ету құралдарын үйлестіретінін, көпжақты форматтарда институционалдық нығаюды, «Бір белдеу, бір жол» бастамасын ілгерілетуді және цифрлық экономика мен климаттық реттеудің жаңа стандарттарын жасауға белсенді қатысатынын көрсетеді. «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында Оңтүстік-Оңтүстік ынтымақтастығы парадигмасын жаңартып, өзара тиімді ынтымақтастық пен ортақ дамуға қол жеткізу үшін 128 елді қамтитын «жаһандық әріптестік желісін» құру қажет. Қорытындылай келе, Қытай күрделі жаһандық динамика жағдайында ұлттық мүдделер мен ұлы держава жауапкершілігінің теңгерімді үйлесіміне негізделген сыртқы саясаттың жаңа моделін қалыптастыруды жалғастырып жатқаны атап өтіледі.

Авторлар туралы

Н. А. Әбуева
Чжэцзян Юесю шетел тілдері университеті; Тұран Университеті
Қытай

с. е. д., профессор, сапар-профессор

Шаосин; Қазақстан; Алматы 



К. Дин
Чжэцзян Юесю шетел тілдері университеті
Қытай

магистр, оқытушы

Шаосин



Әдебиет тізімі

1. Cao Yongxin. Continuation of the concept and practice of peaceful diplomacy of the Communist Party of China // International Observation. – 2021. – № 1. – P. 29. (in Chinese)

2. Qi Jianhua. Five factors affecting China's diplomatic decision-making [M]. Beijing: Central Compilation Press, 2010. – 275 p. – P.262(in Chinese).

3. Li Kaisheng. Understanding Chinese Diplomacy: 1949-2009 National Revival [M]. Beijing: China Social Sciences Press, 2011. – 226 p. – P. 34 (in Chinese).

4. Wang Chuanxing, Wang Ziyu. The historical evolution and theoretical interpretation of an independent and peaceful foreign policy // Contemporary China and the World. – 2022. – № 2. – P. 75. (in Chinese)

5. Xu Jin. An analysis of the main methods of the Leadership of the Communist Party of China in Foreign Affairs since the new era // Russian Studies on Eastern Europe and Central Asia. – 2025. – № 1. – P. 3. (in Chinese)

6. Xi Jinping. "Decisive Victory to Build a well—off Society in an All-round way and seize the great victory of socialism with Chinese Characteristics in the New Era-Report at the 19<sup>th</sup> National Congress of the Communist Party of China", Beijing: People's Publishing House, – 2017, – P. 59. (in Chinese)

7. Liu Qian. The meaning of the new era of our country's independent and peaceful foreign policy - An analysis from the perspective of diplomatic layout // Asia-Pacific Security and Maritime Studies. – 2022. – № 2. – P. 16-17. (in Chinese)

8. "2022 Cultural and Tourism Development Statistics Bulletin of the Ministry of Culture and Tourism of the People's Republic of China". [Электронный ресурс]. – Режим доступа: https://www.gov.cn/lianbo/bumen/202307/content_68917 72.html

9. Кушкумбаев С.К. Казахстан и Центральная Азия между вызовами из прошлого и современными угрозами : сборник статей и интервью. – Астана: КИСИ, 2022. – 372 с.

10. Шаршенова А. Региональная политика России и Китая в Центральной Азии и ШОС как фактор взаимодействия // Ежегодный сборник аналитических статей Академии ОБСЕ 2022–2023. – Бишкек: Академия ОБСЕ, 2023. – С. 227–235.

11. Лаумулин М.Т. Центральная Азия и Казахстан в условиях геополитической турбулентности // Институт стратегических и межрегиональных исследований при Президенте Республики Казахстан. – 2023. - [Электронный ресурс]. – Режим доступа: https://isca.kz/ru/analytics-ru/3451


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Әбуева Н.А., Дин К. Қытайдың әлеуметтік дипломатиясы және сыртқы саясаты: трансформация және жаһандық сын-қатерлер. Qainar Journal of Social Science. 2024;3(4):83-99. https://doi.org/10.58732/2958-7212-2024-4-83-99

For citation:


Abueva N.A., Qinping D. Social Diplomacy and China's Foreign Policy: Transformation and Global Challenges. Qainar Journal of Social Science. 2024;3(4):83-99. (In Russ.) https://doi.org/10.58732/2958-7212-2024-4-83-99

Қараулар: 209


ISSN 2958-7212 (Print)
ISSN 2958-7220 (Online)