Қазақстан Республикасындағы электрондық коммерциядағы адам ресурстарын басқару
https://doi.org/10.58732/2958-7212-2024-1-6-20
Аңдатпа
Мақаланың мақсаты Қазақстандағы электрондық коммерция саласындағы адам ресурстарын басқарудың жан-жақты талдауын ұсыну болып табылады. Зерттеудің негізгі мәні цифрлық экономика жағдайында белсенді дамып келе жатқан осы саладағы инновациялық идеяларды ұсыну және білімді кеңейту. Ағымдағы тенденцияларды, мәселелерді және ықтимал шешімдерді қарастыра отырып, зерттеу академиялық қауымдастық үшін де, кәсіпқойлар мен сала жетекшілері үшін де құнды ресурсқа айналады. Электрондық коммерция және персоналды басқару мәселелері бойынша отандық және шетелдік авторлардың әдебиеттеріне шолу жасалды. Цифрлық ортаның талаптарын және цифрлық шешімдерді кәсіптік практиканың әртүрлі салаларына бейімдеу қажеттілігін ескере отырып, адам ресурстарын дамытудың ерекшеліктері мен бағыттары зерттелді. Адам ресурстарын сәтті басқарудың мысалдары келтірілді және осы мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар берілді. Анализ нәтижесінде Қазақстандағы электрондық коммерция контекстінде адам ресурстарын басқару бойынша ұсыныстар қарастырылды. Мақала екінші деректерге негізделген. Электрондық коммерция және адам ресурстарын басқару саласындағы соңғы зерттеулердің тенденцияларын анықтау және талдау мақсатында зерттеу тақырыбы бойынша SCOPUS дерекқорында жиі қолданылатын кілт сөздерді зерттеу үшін библиометриялық талдау жүргізілді. Web of Science, ResearchGate және Google Scholar дереккөздеріндегі авторлардың ғылыми жұмыстары талданды
Дәйектеу үшін:
Құлман А.Б. Қазақстан Республикасындағы электрондық коммерциядағы адам ресурстарын басқару. Qainar Journal of Social Science. 2024;3(1):6-20. https://doi.org/10.58732/2958-7212-2024-1-6-20
For citation:
Kulman A.B. Human resource management in e-commerce in the Republic of Kazakhstan. Qainar Journal of Social Science. 2024;3(1):6-20. https://doi.org/10.58732/2958-7212-2024-1-6-20