Preview

Qainar Journal of Social Science

Кеңейтілген іздеу

Қалалық ортада ауаның ластануын төмендетудің экономикалық және денсаулық аспектілері

https://doi.org/10.58732/2958-7212-2024-1-21-35

Толық мәтін:

Аңдатпа

Зерттеу қоршаған ортаның қазіргі жағдайын, қаланың ластану деңгейін және демографиялық көрсеткіштерді бағалауға бағытталған. Бұл кешенді бағалау урбанизация мен өнеркәсіптік қызметтің қоғамдық денсаулық пен экологиялық тұрақтылыққа көп қырлы әсерін түсіну үшін өте маңызды. Зерттеу барысында сұйық, газ тәріздес және қатты ластаушы заттардың шығарындыларының егжей- тегжейлі тренд талдауы жүргізілді, ластану деңгейінің заңдылықтары мен ауытқуларын анықтау үшін бірнеше жыл бойына жүргізілді. Қоршаған ортаны қорғау шығындарының экономикалық аспектілері және олардың ластаушы заттардың шығарындыларын азайтуға әсері қарастырылды. Сонымен қатар, ластану деңгейі мен халықтың денсаулығы арасындағы байланысты анықтау мақсатында демографиялық көрсеткіштер зерттелді: туылғандар, өлім-жітім және ерекше білім беруді қажет ететін балалар саны. Нәтижелер қоршаған ортаны қорғауға инвестицияның ұлғаюына қарамастан, шығарындылар деңгейі жоғары болып қала беретінін және халықтың денсаулығына кері әсер ететінін көрсетеді. Негізгі ластау көздері анықталды: өнеркәсіптік кәсіпорындар мен көлік. Экологиялық жағдайды жақсарту, оның ішінде шығарындыларды бақылауды күшейту, қалдықтарды басқару инфрақұрылымын жақсарту және жасыл технологияларды ілгерілету бойынша ұсыныстар ұсынылады. Осы ұсынымдарды жүзеге асыру Алматы тұрғындарының ауасының сапасы мен денсаулығын жақсартуға, қаланың тұрақты экономикалық дамуына, сондай-ақ халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ете алады

Дәйектеу үшін:


Омир А., Михайлова Д.И., Павалкис Д. Қалалық ортада ауаның ластануын төмендетудің экономикалық және денсаулық аспектілері. Qainar Journal of Social Science. 2024;3(1):21-35. https://doi.org/10.58732/2958-7212-2024-1-21-35

For citation:


Omir A., Mikhailova D., Pavalkis D. Economic and health aspects of reducing air pollution in urban environments. Qainar Journal of Social Science. 2024;3(1):21-35. https://doi.org/10.58732/2958-7212-2024-1-21-35

Қараулар: 273


ISSN 2958-7212 (Print)
ISSN 2958-7220 (Online)